Танымал қазақ жазушысы 85 жасында өмірден озды
Балалар жазушысы, ақын Қастек Баянбай 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Бұл туралы журналист Серікбол Хасан жазды.
Жазушы 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған.
1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген.
1971–1995 жж. «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.