Алматы облысында ер адам полицейді тепкілеп тастады (ВИДЕО)

0 306

Ресми мәлімет бойынша, Еңбекші қазақ аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен арыз түскен. Дәрігерлер Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны балағат сөз айтып, терезені сындырғанын жеткізген. Учаскелік инспектор бірден сол жерге барған.

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында болған төбелестің видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Онда ауруханаға барған ер адамның жанжал шығарып, артынан оқиға орнына келген учаскелік инспекторды ұрып жіберген.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақ жейде киген ер адамның тәртіп сақшысының ар-намысына тиетін сөз айтып жүргенін көруге болады. Сонымен қатар кадрдан полицейдің оны итеріп жібергенін байқау қиын емес. Осы кезде ер адам құқық қорғау саласының қызметкерін бір тебеді. Сосын формасыз төбелеске шығуға шақырады. Далада жиналған адамдар екеуін ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға берілген ер азамат көпшіліктің арасынан сытылып шығып, инспекторды тағы тебеді, сосын бетінен екі рет ұрады.

Kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.