Әйелдер саябақта тегін аттракцион үшін төбелесті

0 184

Қарағандыда Балаларды қорғау күні саябақтағы тегін аттракцион жанында төбелес болды.

Бір күн бұрын әкімдік сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін ойнай алатынын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайын әкімдік өкілі түсіндірді.

«Орталық саябақта тұрғындар карантин нормаларын сақтамады. Сондықтан Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – дейді әкімдік өкілі.

Саябақ қызметкерлері әйелдерді сабырға шақырғанымен, оларды ешкім тыңдамады.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.