Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

0 247

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды.

 Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Алақай! Мен – халықаралық гроссмейтермін!», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Отандасымыз 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болып отыр.

Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан Динара Сәдуақасова да қатысып жатыр.

nege.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.