Елорданың бір ауданында түні бойы су болмайды
«ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта ауыз су құбырындағы қысым реттегішті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2 маусымда сағат 21.30-дан 09.00-ге дейін Байқоңыр ауданы бойынша ішінара: Өндіріс тұрғын алабы, Кирпичный тұрғын алабы, Пушкин көшесі, 69 көшесі, Алаш тасжолы және әл-Фараби даңғылы, ЖЭО-1-де ауыз су беру уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.
3 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін бұл аудандарда судың қысымы төмен болады, бұл су құбыры желілерінің іске қосылуына байланысты.