Ағылшын тілін бастауыштан алып тастау жоспарланып отыр – комитет басшысы
1997 жылы Қазақстанда Тіл туралы заң қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, «тіл – халықтың ұлттық игілігі» екені анық жазылды. Нақтырақ айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру – үштұғырлы тіл саясатын енгізу туралы жазылды.
Трилингвизм Қазақстанның орта білім беру жүйесіне осы кезеңнен бастап ресми енгізіле бастады. Алайда, соңғы жылдары балабақшада ағылшын тілін үйрету сабақтары алынып тасталып, тек ересек топта ғана аптасына 1 сағаттан – оның өзі ата-анасының таңдауы бойынша қалдырылды.
Болашақта Білім және ғылым министрлігі бастауыш сыныптан да ағылшын тілі сабақтарын алып тастауға ниетті. Неліктен мұндай қадам жасалып отыр? Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі министрлік өкілі, Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекованың пікірін сұрады.
Қазақстанның білім жүйесінде ағылшын тілінің алатын орны қандай? Бұл сұраққа спикер былай жауап берді:
«ЖАЛПЫ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӘЛЕМДІК ТІЛ БОЛҒАНДЫҚТАН, ҚАЗІР ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ОНЫҢ ОРНЫ ЗОР. ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША АЙТАТЫН БОЛСАМ, ЖАЛПЫ, МЕМЛЕКЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНДА ЖӘНЕ ОҚУ-ТИПТІК ЖОСПАРЫНДА ДА ШЕТ ТІЛІ ДЕП АҒЫЛШЫН, НЕМІС, ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІ КӨРСЕТІЛГЕН. АЛ ОНЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ – ОЛ МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТАҢДАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ», – ДЕДІ МАЙРА ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
Спикердің айтуынша, Қазақстандағы мектептердің 99,7 пайызы үшінші тіл ретінде ағылшын тілін таңдаған.
БАСТАУЫШТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ АЛЫНЫП ТАСТАЛА МА?
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайтынын айтты. Ондағы мақсат – бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек.
«ОСЫ ТҰСТА, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА: «МЕКТЕПТЕРДІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕНІ ДҰРЫС» ДЕГЕН ҰСЫНЫСЫ БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ОҚУШЫНЫҢ ДҰРЫС ЖАЗУЫ МЕН СӨЙЛЕУІ ҮШІН, ОЙЫН ТИЯНАҚТЫ ЖӘНЕ САУАТТЫ ЖЕТКІЗУДЕГІ ГРАММАТИКАНЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ. БҰЛ ТҰСТА БІЗ ТАҒЫ ДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ЖҮГІНЕМІЗ. ӨЗДЕРІҢІЗГЕ БЕЛГІЛІ, «ӘЛІППЕНІ» МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТҚА ЕНГІЗДІК, ОНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ДА ДАЙЫНДАЛДЫ, ОҚУЛЫҚ ДАЙЫНДАЛЫП АПРОБАЦИЯҒА КІРІП, КЕЛЕР ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП БІЗ БІРІНШІ СЫНЫПТАРҒА АНА ТІЛІМЕН БІРГЕ ҚАЙТА ЕНГІЗЕМІЗ. ОЛ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҰСЫНҒАН МЕТОДИКА БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛУДА. ЖАҚЫНДА «ӘЛІППЕНІҢ» ЖОБАЛЫҚ НҰСҚАСЫН ҚОҒАММЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ», – ДЕП ЖАЗДЫ МИНИСТР АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ.
Комитет төрайымының айтуынша, балабақшаларда ағылшын тілін оқу енді міндетті емес.
«АЛ МЕКТЕПКЕ КЕЛЕР БОЛСАҚ, 2015 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАДЫ. 2016 ЖЫЛДАН БАСТАП ОСЫ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС, САТЫ-САТЫ БОЙЫНША КӨШІП ОТЫРДЫ. ОҒАН СӘЙКЕС, 1-4 СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН АПТАСЫНА 2 САҒАТ, 5-9 СЫНЫП АРАЛЫҒЫНДА 3 САҒАТ, МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ БАҒЫТЫНА ҚАРАЙ 10-11 СЫНЫПТА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША 2 САҒАТ, ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫЛАР АПТАСЫНА 3 САҒАТ ОҚИДЫ.
2016 БАСТАП БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ 5-6 ЖАС АРАСЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЕРЕСЕК ТОПТА» АПТАСЫНА 1 САҒАТ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ҚАРАЛДЫ. 2020 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ СӘЙКЕС, МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗДІК. ҚАЗІР АҒЫЛШЫН ТІЛІН БАЛАБАҚШАДАН АЛЫП ОТЫРМЫЗ. ГАДЖЕТТЕР, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚАТТЫ ДАМЫҒАН ЗАМАНДА БАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ АНА ТІЛІН МЕҢГЕРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ МАҚСАТЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ АТА-АНА ТАҢДАУЫНА ҚАЛДЫРЫЛДЫ. ЖАЛПЫ, БОЛАШАҚТА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫМЫЗҒА СӘЙКЕС, АҒЫЛШЫН ТІЛІН БАСТАУЫШТАН АЛЫП ТАСТАП, 5-СЫНЫПТАН БАСТАУ НЕМЕСЕ ОНЫ АТА-АНА ТАҢДАУЫНА ҚАЛДЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫРМЫЗ. ЯҒНИ, ҚАНДАЙ ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛСА ДА, ОНЫҢ МАҚСАТЫ – ШЕТ ТІЛІН ИГЕРУДІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРУ», – ДЕЙДІ МАЙРА МЕЛДЕБЕКОВА.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН САБАҚ БЕРЕТІН ПЕДАГОГТЕРДІҢ САНАТЫ
Спикердің айтуынша, ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдерге қатысты бірнеше санат бар.
Білім және ғылым министрлігінің 192-бұйрығы бойынша, балабақшадан бастап мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар бар. Оның ішінде:
Педагог-модератор біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі: ағылшын тілі: IELTS – 6,5 балл; TOEFL – 60 – 65 балл; француз тілі: DELF-C1; неміс: Goethe Zertifikat-C1.
Педагог-сарапшы біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі: ағылшын тілі: IELTS – 6,5 балл; TOEFL – 66 – 78 балл; француз тілі: DELF-C1; неміс: Goethe Zertifikat-C1.
Педагог-зерттеуші біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі: ағылшын тілі: IELTS-7 балл; TOEFL-79-95 балл; француз тілі: DELF-C2; неміс: Goethe Zertifikat-C2.
Педагог-шебер біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі: ағылшын тілі: IELTS-7,7 балл; TOEFL – 96 – 110 балл; француз тілі: DELF-C2; неміс: Goethe Zertifikat-C2»,
Айта кетерлігі, БҒМ ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі кезде елімізде 6957 мемлекеттік мектептің 3733-і (53,6%) тек қазақ тілінде, 1160 (16,6%) мектеп орыс тілінде, 2047 (29,4%) мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Шет тілі ретінде басым кпшілігі ағылшын тілін таңдайды.
Сондай-ақ 2020 жылы ҰБТ-ны қазақ тілінде мектеп түлектерінің 75,1%-ы, орыс тілінде 24,8%, ағылшын тілінде 0,1% тапсырды.