Шахтинск қаласының әкімі тағайындалды

0 326

Бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 

 Ол шамамен алты жыл бойы қаланы басқарған Сержан Аймаковтың орнына келді.

Шахтинск қаласында облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар ұсынылған үміткерді бірауыздан мақұлдады.

«Өңір басшысы активке қаланың жаңа әкімін таныстырды. Ол Сержан Аймаковқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған басшыға Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойды», делінген баспасөз хабарламасында.

Әскербек Халтонов еңбек жолын «Қарағанды жолдары» АҚ жол жұмысшысы болып бастады, одан кейін шебер, бас инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметке келді. Көлік және коммуникация министрлігі жанындағы облыстық басқармада еңбек еткен.

Кейін облыс әкімі аппаратына ауыстырылып, құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімін басқарды.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.