Түркістан облысында ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

0 588

Түркістан облысында бірнеше ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау инспекторлары және «Охотзоопром» қызметкерлері «Уылдырық» іс-шарасы кезінде олар «Қызыл кітапқа» енген ақбөкендерді заңсыз атып алған браконьерлерді қолға түсірді.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ-ның бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, бірлескен рейдтік шара кезінде полицейлер күдікті болған мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысын байқайды. Сезіктілердің соңдарынан қуып, тоқтатады.

Тексеру жүргізу кезінде екі ер азаматтың заңсыз аң атып алғандығын анықтайды. Яғни олардан «Қызыл кітапқа» енген 8 ақбөкеннің тұтастай еті алынды. Сондай-ақ 1 тіркелмеген аңшы мылтығы мен 14 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Ұсталған екі азаматтың Созақ ауданының жергілікті тұрғындары екені анықталды.

Олар Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабының 2 бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» және ҚР ҚК-нің 337-бабының 4 бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.