«Басып озбақ болған». Атырауда жол апатынан 8 адам зардап шекті
Жол апаты салдарынан автобус жол шетіне аударылып қалған. Автобустағы жолаушылар мен жүргізушісі «Теңізшевройл» ЖШС медициналық клиникасына жеткізілді. Оқиға орнына Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған.
«Апат салдарынан 8 адам зардап шекті. Бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ауруханада тек автобус жүргізушісі жатыр. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
«Аудандық ауруханаға бір жәбірленуші жеткізілді. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол «ми жарақаты» диагнозымен хирургия бөлімінде жатыр», — деді Жылыой аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек Үкібаев.