Маңызды қадам
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң қаралды.
Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ететін жаңа конституциялық институт. Халық Кеңесі азаматтардың ұсыныстары мен қоғамдық бастамаларын жүйелеп, оларды нақты заңнамалық бастамаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

Ең бастысы – ҚХК заң жобаларын Курултайға тікелей енгізу және республикалық референдум бастамасын көтеру құқығына ие болады. Осы арқылы қоғамның дауысы мемлекеттік шешім қабылдау процесіне тікелей ықпал ететін жаңа тетік қалыптасады.
Халық Кеңесі қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық бірлікті күшейтуге және азаматтардың мүддесін мемлекеттік саясатта кеңінен ескеруге бағытталған.
Бұл – ашық мемлекет, әділ диалог және халық үніне құлақ асатын басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.