Қазақстанда құрбандықты енді онлайн шалуға болады
Қазақстанда Құрбан айтқа онлайн құрбан шалу қызметі іске қосылды
Қазақстанда Құрбан айтқа арналған құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге мүмкіндік беретін арнайы сайт іске қосылды.
Енді азаматтар онлайн түрде мал таңдап, төлемді Kaspi QR арқылы жасай алады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қой мен ешкіні бір адам шала алады, ал ірі қара мен түйені жеті адамға дейін бірігіп құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
Тапсырыс сәтті рәсімделгеннен кейін пайдаланушының телефонына SMS-хабарлама келеді. Құрбан шалу рәсімі аяқталған соң тапсырыс берушіге фото және видеоесеп жолданады.
Сайттағы бағаға сәйкес, бір қойдың құны – 125 мың теңге, ал сиыр – 875 мың теңге.
Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді және бұл күн ресми демалыс болады.
Politico.kz.