Облыстық кіші футбол турнирі

0 38

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Тараз қаласында «ZHASTAR CUP» облыстық кіші футбол турнирі өтті. Спорттық шараға облыс жастары мен колледж мұғалімдерінен құралған командалар қатысты.

Әр команда 5 негізгі және 3 қосалқы ойыншыдан жасақталып, қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс шағын футбол ережесіне сәйкес өтіп, матчтар екі таймнан тұрды, ал финалдық кезеңде ойын уақыты ұзартылды. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок, медаль, дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша мықтылар анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.