ҚАЛАМЫЗДА КІШІ ФУТБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

0 53
Тараз қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай этнос өкілдері арасында кіші футболдан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара қалалық спорт бөлімінің қолдауымен және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтті.
🔷Турнирдің негізгі мақсаты – әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу болатын.
🔷Аталған жарысқа өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен жастардан құралған 6 команда қатысты.
🔷Есептік кезеңде неміс этномәдени бірлестігі III орын, Тараздың белсенді жастарынан құрылған Жастар ресурстық орталығы II орынды, қалалық өзбек этномәдени бірлестігі I орынды иеленді. 🔷Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.
🔷Турнир соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.