8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 7 наурызда ҚАЖД №67 мекемесінде сотталғандар мен тергеу қамауға алынған әйелдер арасында мерекелік концерттік іс-шара ұймдастырылды! ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-тәрбиелік жұмыстарды дамыту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Мерекелік бағдарлама барысында сотталғандар ән айтып, көркем сөз оқып, түрлі шығармашылық қойылымдар көрсетті. Қатысушылар аналар мен әйелдерге арналған әсерлі өлеңдер оқып, әсем әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Б. Садуанов барлық әйелдерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурызбен құттықтап, денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тіледі.
Мұндай мәдени-тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

