АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0 30
1 наурыз — Алғыс айту күні ауданымызда кең көлемде аталып өтуде. Халқымыз қарашаңырақтың қадірлі иелері — қарттарға деген құрметті қашан да жоғары бағалаған. Бұл ретте, Тыл және еңбек ардагерлеріне алғыс білдіру — кішіпейілдіктің белгісі.
🔰Осы орайда, аудан әкімі Сәкен Мамытов Тыл еңбеккерлері, ауданымыздың Құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері Қоңырбеков Ордабек пен Ақылбеков Ермекбайдың шаңырақтарында болып, айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады.
🔰Балалық шақты қиын-қыстау кезеңмен өткізген тыл ардагерлері аудан әкіміне алғысын білдіріп, еліміздің тыныштығын, жеріміздің амандығын тіледі. Осындай құттықтаулар қала мен барлық ауылдық округтерде де жалғасты.
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
🔰Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
🔰1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, Ә.Бүркітбаев ауылында «Алғысым шексіз, қасиетті Қазақ елі!» атты этнос өкілдері арасында сайыс өтті. Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданымыздың әлеуметттік дамуына үлес қосып жүрген этнос өкілдерінің қоғам үшін маңызды екенін жеткізді. Әсіресе сал дәстүрлер сайысы бойынша жас баланың тұсауын кескені әсерлі шықты.
🔰«Таныстыру», «Ата салты – асыл мұра» және «Ұлттық тағам – халық қазынасы» номинациялары бойынша сынға түскен қатысушылар бар өнерлерін ортаға салды.
Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша 1 — орынды Тагиева Амина, 2 -орынды Лесикова Елена және 3 — орынды Амоева Жамиля иеленді. Жеңімпаздарға мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.