Бүгін екпе жұмыстарын ұйымдастыру бойынша “Almaz Medical Group” емханасына қарасты жеке және мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдерімен тағы да кездесу өткізілді.
Кездесуге қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы, сондай-ақ “Almaz Medical Group” емханасының бас дәрігері арнайы қатысты.
Аталған жиын барысында қызылша, адам папилломасы вирусы және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының басшыларына бала денсаулығының маңыздылығы ерекше назарда болуы тиіс екені ескертілді.