Жастардың жанашыр бастамасы – тұрғындарға нақты қолдау

0 39
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік маңызы бар акциялар ұйымдастырылды.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жастардың бастамасымен «Тегін такси» және «Кел, шәй ішейік» акциялары өткізілді. Шара барысында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда болып, қоғамдық көлік қозғалысы шектелген азаматтарға көмек көрсетілді.
Акция аясында тұрғындар тегін такси қызметі арқылы межелі жерлеріне қауіпсіз жеткізілді. Сонымен қатар, көшеде жүрген азаматтарға, жолаушыларға және такси күтіп тұрған тұрғындарға ыстық шәй таратылып, жылы ықылас пен қамқорлық көрсетілді.
Бұл игі іс тұрғындардың ризашылығына ие болып, жастардың қиын жағдайларда бейжай қалмай, қоғамға жанашырлықпен қарайтынын айқын көрсетті. Осындай бастамалар тұрғындар арасында бірлік пен өзара қолдауды нығайта түсетіні сөзсіз.
Алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы бастамалар жалғасын тауып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.
Ж.АМАНБАЛА,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің
Мойынқұм ауылдық округінің инспекторы
Leave A Reply

Your email address will not be published.