ҚР Денсаулық сақтау министрінің жұмыс сапары

0 30
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алия Рүстемова жұмыс сапары аясында облыстық көпбейінді ауруханаға келіп, медициналық ұйымның тыныс-тіршілігімен, көрсетілетін қызмет сапасымен және даму бағыттарымен жан-жақты танысты.
Бүгінде аурухана 14 бөлімше арқылы өңір тұрғындарына жедел және жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Оның ішінде ангиохирургия, ревматология, гематология, эндокринология, проктология және іріңді хирургия сынды өңір үшін өзекті бағыттар бар.
Сонымен қатар кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және интервенциялық операциялар тұрақты түрде жүргізілуде. Инфрақұрылымды жаңғырту мен заманауи технологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Аралаудан кейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алия Рүстемованың қатысуымен өткен денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған үйлестіру кеңесінің отырысына қатыстым.
Жиын барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингтік тобы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты жүргізген талдау жұмыстарының алдын ала қорытындылары тыңдалып, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.