Қазақстандық вакцина салдырғаннан кейін антидене қанша уақыт сақталады?
Мамандар қазақстандық вакцина салдырғаннан кейін антидене қанша уақытқа сақталуы мүмкін екенін айтты.
ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяның айтуынша, нақты жауапты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін айтуға болады.
«Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты қалыптастыруы үшін оны екі жыл бойы тексеру керек. Бүгінде бір жылдан бері зерттеу жүріп жатыр. Сондықтан «Спутник-V» вакцинасында антидене нақты қанша уақытқа жететінін айту қиын. Ал қазақстандық вакцина туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салдырған уақыттан бері тоғыз ай өтті. Сол уақыт аралығында иммундық жауап жоғары болып тұр«, — деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасы ертең, 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр.