Жамбылдық дәрігерлердің еңбегі ерен

0 14
Облыстық офтольмологиялық орталықта офтольмолог-дәрігерлердің шеберлік сыныбы өтті. Онда көз ауруларынан зардап шегіп келе жатқан пациенттерге күрделі ота түрлерін жасау үшін Астана және Орал қалаларының жетекші офтольмолог-дәрігерлері өңірлік мамандармен бірлесіп, витреоретинальды хирургия бойынша жаңа инновациялық ота түрлерін жасады.

Облыстық офтальмология орталығы көздің алдыңғы және артқы сегменттеріне хирургиялық араласу жасауға арналған CONSTELLATION (Alcon, АҚШ) витреоретинальды жүйесін сатып алған. Оның артықшылығы – көптеген ерекшеліктері бойынша алдыңғы үлгілерден айтарлықтай асып түсетіндігінде. Алдағы уақытта пациенттер тіркелген емханасынан медициналық талдау қорытындылары мен қойылған диагноздары арқылы орталыққа емделу үшін келе алады. Яғни, жаңа көз торының ажырауы, ұйымдасқан гемофтальм, эпиретинальды мембранамен витреомакулярлық тракциялық синдромы, толық дислокацияланған ИОЛ-дың шыны тәрізді денеге түсуі ауруларынан емделуге келуіне болады.

Пациенттер орталықта тәулік бойы стационар жағдайында портал арқылы операциялар жасатуға қол жеткізеді. Көз ақауын сапалы және уақытылы анықтауға және емдеуге мүмкіндік беретін медициналық техниканың үздік шетелдік өндірушілерінің заманауи жоғары технологиялық диагностикалық құралдарымен жабдықталған орталық өңір тұрғындарының көру қабілетін хирургиялық емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін жаңа микрохирургиялық операциялық жүйелермен жабдықталған.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

aqjolgazet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.