Ақордадағы қақтығыс: Тоқаев пен Мәсімовтің оққағарлары не үшін төбелесті?

0 3 514

Белгілі журналист  Гүлнар Бажкенова қаңтар оқиғасы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кәрім Мәсімовтің күзетшілерінің арасында болған төбелес туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистің айтуынша, бұл ақпарат оның қолына өткен жылы түскен, бірақ ол кезде тек бір ғана дереккөз, оның өзі де аса сенімді емес – мемлекеттік күзеттің бұрынғы қызметкері болған.
Бірақ жақында Бажкеноваға осыған ұқсас тағы бір дерек айтылған. Бұл ақпараттың бұрынғы адаммен байланысы жоқ мүлдем басқа дереккөзден алынуы журналисті сол күндердегі айтылмай қалған жағдайларды айтуға жетелеген.

«Үшінші қаңтарда қазақстандық авторитаризмнің қасиетті де киелі орны – Ақордада Тоқаевтың жеке күзеті мен Мәсімовтің жеке күзеті арасында кескілескен шайқас болды.
Негізі, Мәсімов бұған дейін Тоқаевқа Ақорда мен Қазақстаннан кету туралы шұғыл өтінішпен бірнеше рет келген. Белгілі болғандай, ол 1,2  қаңтардан бастап күн сайын келген. Тоқаев бас тартқан сайын бұл жердегі наразылық та арта түскен», 
— деп бөлісті Гүлнара Бажкенова

Мәліметтер аз, бірақ Бажкенова оқиғаны дәйекті түрде баяндайды. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің Резиденциясында алғаш рет қан төгілген.

«Ал үшінші қаңтарда Тоқаев пен Мәсімовтің күзетшілерінің арасында төбелес болған. Менің дереккөздерімнің айтуынша, жан алып – жан беріскен шайқас болған. Бір-бірін пышақтап, тіпті өлгендер де болған.
Алғаш рет Қазақстан Президентінің Резиденциясында қан төгіліп, едені қанға боялған.
Президенттің күзеті жеңіске жеткен сәтте Тоқаев пен Мәсімов күтпеген жерден өздері жақсы білетін қытай тілінде сөйлескен. Басқаларға түсініксіз болып қалған диалогтың соңында Мәсімов орыс тілінде: «Мен не істеуім керек?” дейді. Ал Тоқаев: «Бірдеңе істеуге тым кеш қалдың» деп жауап береді.
Үш күннен кейін Кәрім Мәсімов қамауға алынады»,
 – дейді Гүлнара Бажкенова.

Гүлнара Бажкенова бұл оқиғаның бізге белгісіз жақтары көп болғандықтан, шындықтың әлі де толық айтылмай жатқаны себепті болған жағдай туралы айтып беруге құқығы бар екенін жеткізеді. Сондай-ақ, ол бұл оқиғаны ешкім растамайтынын, расталса да шындықтың 100 жылдан кейін ашылатынын, сондықтан оған сену немесе сенбеу әркімнің өз еркінде екенін айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.