Халықтың ұсынысына назар аударды
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» заңының 27 бабына сәйкес, партия филиалдарында барлық қоғамдық қабылдаулар уақытша тоқтатылды.
Дегенмен, «AMANAT» партиясы ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап халықтың Сайлауалды бағдарламасына деген ұсыныстары мен тілектерін қабылдауға көшті.
Сол себепті, құрметті оқырмандар, өздеріңіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ұсынуларыңызға болады.
Жамбыл облысы бойынша «AMANAT» партиясының 12 қоғамдық қабылдау бөлмелері Сіздер үшін жұмыс атқарады.
Сұрақтарыңыз болса, партиямыздың келесі жедел байланыс телефон нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады: 8 7262 45 00 82.
Осыған орай, партияның Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Сұлтан» сауда орталығында кездесу өткізіліп, тұрғындардың ұсыныс, тілектері тыңдалды.
Қазіргі таңда облыс бойынша 50-ден астам ұсыныстар келіп түсті. Оның басым бөлігі әлеуметтік сұрақтар бойынша.