Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – тарихи борыш

0 469

Саяси қуғын-сүргін — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірі екендігі белгілі. Мемлекет Басшысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» құру туралы 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы   сөзіміздің айқын дәлелі.

Бұл шешім – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің, жасанды зауалдан зардап шеккен жазықсыз жандардың алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстарға жаңаша серпін берді.

Жамбыл облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы №22 қаулысымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құрылды. Комиссия құрамына тарихшылар, архившылар, мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарынан 26 адам енді.

Комиссияның 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары және жұмысшы тобының алгоритмі бекітілді, Комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері, жұмыс методологиясы талқыланды.

Тұрақты негізде жұмыс жасайтын 13 адамнан тұратын жұмысшы топ  құрылды. Оның құрамында облыс бойынша ҰҚК департаменті, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, тарихшылар, архив қызметкерлері мен өзге де қоғам белсенділері бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының  05.05.2021 жылғы №28-Н бұйрығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы:

1. Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобы және1939-1945 жж. фашистік Германия, Финляндия және басқа Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындарды ақтау бойынша зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы;

2. Кулактар, байлар, жартылай феодалдар (орта шаруалар) және шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы;

3. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың (адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы;

4. Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы;

5.Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын және «Алаш» қозғалысы мен партиясына қатысушылар және Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресушілерді зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

Жұмыс тобының мақсаты облыстық, қалалық аудандық архив құжаттарын , тізімдесін зерделеу,  облыстық сот, прокуратура, ІІД (ДВД) құжаттар тізімдесін зерделеу, анықталған азматтардың тізімін жасау, Халықаралық стандарттар мен құндылықтар негізінде саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру және олардың адал және игі есімдерін халық пен ұрпақтарына қайтару, Орталық архив мекемесі (Алматы) құжаттарын зерделеу, Түркістан облыстық мемлекеттік архиві құжаттарын зерделеу болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.