Вакцинациялауға өтінім бергіңіз келсе, сауалнамаға қатысыңыз
Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауовтың бастамасымен КВИ-ге қарсы вакцинациялауға өтінім беру үшін Google алаңында сауалнама әзірледі. Сауалнаманы толтырған кезде емделушінің мәліметтері аудандық орталық емханадағы тізімге енгізіледі. Сол тізілім негізінде тұрғындарды жүйелі вакцинациялау жоспарланып отыр. Бұл тұрғындар үшін ыңғайлы болмақ. Бүгінгі күні аудан бойынша 250 адам вакцина қабылдап үлгерді.
Құрметті тұрғындар!
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Ауданға ресейлік «Спутник V» екпесі келуі жоспарланған. Екпе салуға ниет білдірсеңіз, мына сілтеме ақылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет!