Қазақстандықтар Роман Склярға қарсы петиция жинауда
Egov.press сайтында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың отставкаға кетуін талап еткен петиция жарияланды.
«Халықтың талап-тілегі мен азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына қарамастан Роман Скляр ауылшаруашылығы техникаларынан алынатын утильалымды тоқтатуға түбегейлі қарсы болуда. Бұл вице-премьер үшін халықтың тілегінен компаниялардың мүддесі биік тұрғанын көрсетеді. Сондықтан біз Роман Склярды қызметінен босатып, тергеу жүргізуді талап етеміз» делінген петицияда.
Бұған қол қоюшылар саны күн сайын артуда.
Петицияның толық нұсқасы мына сілтемеде: https://egov.press/1227-roman-sklyar-petisiya.html