«Сенімсіздік танытамыз»: Жаңаөзен жұрты Тоқаевқа тағы да қатаң талап қойды
Жаңаөзеннің жүздеген жұмыссыз тұрғыны президент Тоқаевқа өтініш білдіру үшін жергілікті әкімдік ғимаратына барды. Оларды жұмыспен қамтамасыз етуді талап етіп, жергілікті билік әзірлеген жұмыспен қамту схемасына сенімсіздік танытатындықтарын айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Жұмыссыздар өздерңн мұнай-газ секторында жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді талап етеді. Маңғыстау облысының әкімдігі Жаңаөзен тұрғындары жұмыспен қамту орталығынан жіберілген жерге жұмыс істеуден бас тартатынын мәлімдеді.