«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» — ашықтық көрсеткіші
Транспаренттік және есеп беретін үкіметті қалыптастыру — Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында туындайтын институционалдық реформалар бес негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Осы негізгі нұсқауды іске асыру Қазақстанда «Ашық үкімет» тұжырымдамасы енгізілуде, басты мағына мемлекеттік сектордың айқындылығы ғана емес, сондай-ақ азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерін қабылдау және іске асыру процессіне электрондық ресурстар арқылы тартуынан тұрады.
Өз кезегінде, «Ашық үкімет» келесі құрауыштарды қосады: ашық деректер, ашық НҚА, ашық бюджеттер, ашық диалог және МО қызметінің тиімділігін бағалау.
«Ашық бюджет» Порталы бірінші кезекте мемлекетте «бюджет» түсінігі туралы азаматтарға ұғынымды жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияның дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Осы мақсатта, ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бекіткенге дейін жариялау жүргізілуде, осылай, адамдарға бюджет қаражаты шығыстары процесіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, тексерулер нәтижесінде туындайтын қандай бұзушылықтар болатын білуге мүмкіндік беретін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат жариялануда. Бюджеттік есептілікті жариялау, азаматтарға, жетекші ғылыми-зерттеу және басқа да ғылыми жұмыстарға көмектеседі.
Ашық бюджеттердің интерактивті картасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуы жарияланады. Сондай-ақ, интерактивті карта – азаматтардан түскен өтініштерді қабылдау және өңдеуге арналған алаң болып табылады. Ал картаның әлеуеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жалпы, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (Publicbudget.kz) – қоғамдық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.
Аталған картаның көмегімен тұрғындар бюджеттік шығындар туралы бар мәліметті біле алады. Ол 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ресурс жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас нысандармен салыстырады.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» әркім үшін түсінікті етіп жасалған. Бұрын бөлінген қаражат және жүргізілетін жұмыстардың техникалық сипаты, аяқталу мерзімі туралы ақпаратқа қол жеткізу қиын болса, енді мұның бәрі осы картада көрсетілген.
Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында интерактивті картамен жұмыс істеу бойынша жауапты тұлғалар тағайындалып, карта жүйесінің деректер базасында барлық мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген.
Бүгінгі күні аудан бойынша ашық бюджеттердің интерактивті картасында 2021 жылға 13468736,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, бюджеттер жариялануда.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жүргізіліп, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыруға зор мүмкіндік береді деп сенеміз.
Шерхан Бейсенбайұлы,
«Сарысу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі