Туберкулез ауруының алдын алу шаралары
Туберкулез (құрт ауруы) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру.
Туберкулездің жұғу жолдары:
Туберкулез адамнан адамға ауамен жұғады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.
Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар:
Толыққанды тамақтанудың болмауы. Маскүнемдік, темекі шегу, нашақорлық,қосымша аурулардың болуы (қант диабеті, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).
Туберкулездің белгілері:
Екі аптадан асатын жөтел, шаршау және әлсіздік,асқа тәбетінің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі, температураның ұзақ көтерілуі,түнде тершеңдік, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру.
Туберкулезді анықтау жолдары:
Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.
Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.
Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
Салауатты өмір салтын ұстану.Таза ауада серуендеу, дене шынықтырумен айналысу, толыққанды дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.
Жаңа туылған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайта вакцинациялау.
И. Бейсенбаева,
Сарысу аудандық орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері