Азаматтық міндетін орындауы абзал

0 282

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Ішкі сауда нысандарында сатуға келген барлық мал өнімдерімен шикі заттарында ілеспе ветеринариялық құжаттары болуы тиіс және де сату нүктелеріне түскен ауыл шаруашылық малдарының ұшалары міндетті түрде арнайы мал сою орындарында сойылуы керек. Жеке аулада сойылған малдарды ішкі сауда нысандарына шығарып сатуға қатаң түрде тыйым салынады.

Ішкі сауда нысандарына жылы, суыған, салқындатылған, тоңазытылған барлық мал түлігінің етімен қосымша өнімдеріне үй құсы етіне, шикі, шикілей, ысталған және пісірілген күйдегі ет өнімдеріне, кез-келген күйдегі майларға міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалады.

Ішкі сауда нысандарына ет ұшалары және ет өнімдері міндетті түрде арнайы мал сою орнында сойылып, алдын ала тексеру мөрі қойылған.Мал сою нысандарына есептік нөмері көрсетілген, ветеринариялық ілеспе құжатпен тасымалдап әкелінеді. Содан соң, міндетті түрде ветеринариялық зертханадан, ветеринариялық — санитариялық сараптамадан өткізілуі тиіс.

Ет, сүт өнімдері және басқа да мал өнімдері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі тиіс. Ветеринариялық — санитариялық сараптама жұмыстарын ветеринариялық зертхана мамандары жүргізеді және ет өнімдеріне сараптамадан өткеннен кейін мөр таңба басады. Барлық сараптамадан өткен өнімдерге сараптама актісі беріледі.

Ішкі сауда объектілерінде мал өнімдерімен шикізаттарын сату тек ветеринариялық зертханаларда ветсанитариялық сараптамадан өтіп, сараптама актісі берілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

Өнеркәсіптік өңдеуге жатқызылатын ет және ет өнімдерін ішкі сауда нысандарына сатуға жол берілмейді. Арнайы ветеринариялық ілеспе құжаты болмаған жағдайда ет пен ет өнімдері күмәнді деп танылады және барлығы жойылады.

Мал өнімдері мен шикізаттың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік ветеринариялық қызмет пен мал өнімдерін ветеринариялық — санитариялық талаптарға сай сойып, өңдеп ішкі сауда нысандарына өткізу мал өсіретін заңды және жеке тұлғалардың басты міндеті. Сол себептен әркім заң аясында өзіне тиісті мемлекеттік, азаматтық міндетін орындауы абзал.

Құрметті тұтынушы! Ішкі сауда нысандарынан ет, сүт өнімдері және басқа да мал өнімдерін сатып алар алдында, сатушыдан ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізілгені туралы сараптама актісін сұраңыз.

Қадағалау қатаң, бақылау бекем болса, тұтынатын тағам да адал әрі сапалы болары анық.

Е.Аденов,

ҚР АШМ ВБҚК Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, ветеринариялық санитариялық инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.