Алматы облысында анасы пышақтап тастаған 10 жасар баланың беті бері қарады
Алматы облысында анасы бірнеше жерден пышақтаған 10 жасар баланың жағдайы тұрақты. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала тұрақты дәрігерлер бақылауында.
“Баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. 3 күн бұрын хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Баланы ауруханадан қашан шығаратыны әзірге белгісіз.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Іле ауданында 37 жасар әйел 10 жасар баласын пышақтап тастаған болатын. Бала өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
Оқиға Өтеген батыр ауылында болды. Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында оның тик-токтың қорқынышты кейіпкерлерінен жасырынып жүргенін айтқаны туралы жазылған. Әйел ұлын сол кейіпкерлердің бірімен шатастырып, пышақ ала жүгіріпті.