0 275

Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайбергеннің сахналық стилін сынға алған сәнгерге жауап берді. Лилия Рах «Димашқа стилистермен жұмыс істеу керек» деп мәлімдеген еді. «Экспресс-К» басылымына берген сұхбатында әкесі Димаштың жеке стилистері бар екенін мәлімдеді.

 

«Әрине, Димаштың стилистері бар. Оның сахналық образдарына жауап беретін, шаш үлгісін қадағалайтын адамдар бар. Ол жағынан бізде бәрі дұрыс», — деді Қанат Құдайбергенұлы.

Айта кетейік, бүгін Димаштың Fly Away әні америкалық Forbes.com сайтының тізіміне енді. Отандасымыздың әні 6-шы орынға шыққан.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.