600 орындық жаңа корпус: құрылыс қарқыны бақылауда

0 53
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тараз қаласындағы М.Мәметова атындағы №27 орта мектептің жаңа корпусындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
📚 Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 600 орындық заманауи білім ошағының бүгінгі таңда 75 пайызы аяқталған.
Қазіргі уақытта нысанда қабырғаларды әрлеу, есік-терезелерді орнату, еденге ламинат төсеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 110 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.
⏳ Жоба қараша айында аяқталуы жоспарланғанымен, мердігер мекеме – «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС құрылысты мерзімінен бұрын, яғни 20 тамызға дейін толық аяқтауды көздеп отыр.
✅ Мониторинг барысында комиссия мүшелері құрылыс сапасына ерекше назар аударып, ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Басты мақсат – жаңа оқу жылында оқушылардың заманауи әрі қауіпсіз білім алуына қолайлы жағдай жасау.
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы
Leave A Reply

Your email address will not be published.