6 ауылдың су құбыры жаңартылып, 13 елді мекеннің су жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0 359

Ағымдағы жылы аудан бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 6 су құбыры салынып жатыр.
«2 жаңа құрылыс Арал, Өтеген ауылдарында болса, 2 қайта жаңғырту жұмыстары Қаракемер, Кенен ауылдарында қолға алынған. Сонымен бірге, Қордай ауылындағы «Батыс» тұрғын алқабы мен Отар ауылындағы жаңа тұрғын алқаптарына су құбыры желілерін жүргізу жұмыстары басталды. Нәтижесінде, Арал және Өтеген ауылдарында 2 жаңа су құбырының құрылысы есебінен 3260 тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл дегеніңіз аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 73%-дан 78%-ға дейін артады деген сөз. Қаракемер ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы және Кенен ауылындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде аталған ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі жақсарады. Ал, Қордай мен Отардағы жаңа алқаптарға су жүргізу жер кезегінде тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысына 960 жер учаскесін беруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 155,0 млн. теңге қарастырылып, 13 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде»

Leave A Reply

Your email address will not be published.