Бағаларға бақылау жүргізілді

0 355

Күні кеше өңірдегі тұрғындар қауіпсіздігін сақтау және әлеуметтік қолжетімді тауарлар бағасының тұрақтылығын бақылау мақсатында аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева мен кеңес мүшесі Валерий Сергеев аудан орталығындағы дүкендерді аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізген еді.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен Қордай ауылының орталығында орналасқан сауда орындарына бас сұқты. Олар ондағы әрбір тауардың бағасына мән беріп, әлеуметтік тауар бағаларын қарады. Мәлім болғандай әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты. Сондай-ақ, сақтық шараларын бақылау мақсатында кеңес мүшелері дүкенге келген азаматтарға бетперде тағу керектігін және медициналық қолғап киіп жүру қажеттігін түсіндірді.
-Аудан тұрғындарының сақтық шараларын ұстанғаны абзал. Сонымен қоса, тек өз денсаулығымызға ғана емес, жақындарымыздың да денінің сау болуына, коронавирустан қорғану шараларын ұстануына септігімізді тигізуіміз керек, — дейді Баян Нәзікеқызы.
Осы күні дүкен ішінде антисептикалық заттардың тұрғанына да мониторинг жасалды. Топ мүшелері сауда орындарын аралауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бағалардың сақталуын бақылау барысында бірқатар дүкен сатушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.