Қордайда сенбі-жексенбі күндері де рейд жұмыстары жалғасуда

0 360

Қордайда карантин режимінің сақтық шаралары бойынша 4 мобильді топ өкілдері рейд жұмыстарын күнделікті жалғастыруда. Сенбі-жексенбі күндері аудандық жұмысшы топ Қордай ауданындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, кәсіпкерлерге төтенше жағдай кезеңіндегі санитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуына байланысты қатаң ескертулер жасады. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов бастаған мобильді топ мүшелері төрт бағытқа бөлініп, аудандағы көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен саябақтарға рейд жұмыстарын жүргізуде. Жалпы тамыз айында жүргізілген рейд жұмыстарының барысында санитарлық талаптарды ескермей, карантин шараларын өрескел бұзған 20-дан астам кәсіпкерге 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.