Жолаушы тасымалдау жүйесінің жай-күйін көрді

0 295

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жексенбі күні де таңертеңнен бастап ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды жалғастырды.

«Жаңатас көлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, директоры – Молдабеков Хасен Смағұлұлымен тілдесті.

Серіктестік директоры 2000 жылдан бері жұмыстарын атқарып келе жатқан жоба туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Жобаның мақсаты: Халықты көлік (автобус) тасымалымен қамтамасыз ету.

Жұмыспен қамтылғандар саны: тұрақты 52 адам.

Автобус саны: 33 автобус. О.і. 32 автобус «Казфосфат» ЖШС жұмысшыларын тасиды, 1 автобус Жаңатас-Саудакент-Жайлаукөл бағытында қатынайтынын аудан басшысына айтты.

Аудан әкімі серіктестік жұмысына сәттілік тілеп, алда біргелікте жұмыс атқаруға шақырды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.