Кәсіпкерлікті дамыту – нарықты дамытудың кепілі

0 379

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Ал бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің «Шағын және несие беруді көбейту» төртінші бағытында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау тапқан болатын.

Бүгінгі күні Сарысу ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, әсіресе ауыл-аймақтардағы шағын және орта бизнестің өсіп-өркендеуі қарқын алуда.

Қазіргі уақытта елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы жоғары болып табылады.

Себебі, шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында ұйымдастыру-құқықтық нысан бойынша тіркелген субъектілердің ең жоғары үлесін осы жеке кәсіпкерлер құрайды.

Сондықтан да аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев кәсіпкерлік саласын да назардан тыс қалдырмай, аудан аумағында орналасқан барлық нысандардың істерімен танысып, кәсіпкерлермен тілдесуде.

Осындай кездесу «Алтын-Орда 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалғасты.

ЖШС-і директоры – Жанбаев Дәулет Дәуітбайұлы аудан әкіміне жобаны іске қосылған мерзімі мен жобаның мақсатын таныстырды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысатын бұл серіктестік тек өз кәсіптерін ғана дөңгелентпей, 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Аудан әкімі іскерлікті әрқашан қолдайтынын, біркісідей ауданның дамуы жолында еңбек етуге дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі.

Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын көрсетеді.

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған еліміз үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейтінін де тілге тиек етті.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.