Жол бойында өртеніп жатқан көлік жарылды

0 240

Куәгерлер көліктің жарылған сәтін видеоға түсірген.

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт кеше сағат 17:20-да Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында, 550/12 үйдің жанында болған.

«Жол апаты салдарынан 1992 жылы шыққан Volkswagen Passat маркалы автокөлігі жанған. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі АЦ-5-40-қа сағат 17:30-да келді. Бес минутта сөндірді», – дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер көлік иелеріне өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертті.

AIKYN.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.