Төрт адам көз жұмды: Қызылордада жантүршігерлік жол апаты орын алды

0 307
Қызылорда облысы Арал ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойында ауыр автокөлігі мен жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

 

Жол апаты түн мезгілінде орын алған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының 1466 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Аталмыш жол апатына байланысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза болған, тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауында», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.