Тоғыз баланы бірден көтеріп, өмірге әкелді

0 358

  Африкадағы Мали елінде бір әйел бірден тоғыз бала босанды. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл.  Анасы да, балалар да дін аман. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

  Халима Сиссенің жасы 25-те. Ол Мали елінің астанасы Бамако қаласындағы ауруханада екі апта жатқан. Сосын осы елдің президенті Ба Ндаудің жарлығы бойынша, Марокко клиникасына ауыстырылған. Малидің де, Марокконың да дәрігерлері УЗИ арқылы тек қана жеті баланы ғана көре алған.

Малидің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби Сиссенің жүктілігі кезінде қарап, босандырған дәрігерлердің бәрін арнайы құттықтады.

nege.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.