Танымал кәсіпкер халықтың жағдайын ойлағаннан егіл-тегіл жылады (видео)

0 9

Танымал кәсіпкер, саясаткер Санжар Боқаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстанда мемлекеттің қаражаты есепсіз оңды-солды жұмсалатынан айтты.

— Қазақстанда «Nur Otan» партиясына күніне республиалық бюджеттен 18 млн теңге бөлінеді екен. 18 млн теңге деген бір пәтердің бағасы. Біз 300 мыңға жуық жас отбасылар баспанасыз жүр. Егер «Нұр Отан» күн сайын сол ақшаға баспана алып жас отбасыларға беріп отырса, жылына 365 отбасына баспанамен қамтасыз ете алады. 5 жыл ішінде 2000-ға жуық отбасына бақытқа бөлей алады. Бұл отбасылар осы үшін «Нұр Отанға» дауыс берер еді. Ал енді осы ақшаның қайда кетіп жатқаны түсініксіз. Және осы ақша қалай жұмсалғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Меніңше, бұл ақша дұрыс нәрсеге жұмсалып жатқан жоқ, — дейді кәсіпкер.

Санжар Боқаев әлеуметтік желіде билікті жиы сынайды. Осыған байланысты достары оған алаңдап, сынауды тоқтату керектігі жөнінде кеңес береді екен:

— Достарым «не істейсің? Бәрібір жеңе алмайсың. Бекерге бизнесіңнен айрыласың. Келеді де сені атып кетеді. Сонда мен оларға «менің бизнесімнің бағасы түкке де тұрмайды. Ұл-қыздарымыздың, немелеріміздің қасында көк тиын ғой.   Сонда біз халықты тонауымыз керек пе? Достарым осыны түсінбейді. Егер шетелге офшорға кеткен ақшаның елге алып келсек, Қазақстан Сингапурден асады. Неге соны жасамасқа?  Мемлекет қаражатын біз тиын бойынша санауымыз керек. Әр тиынның есебін алуымыз керек, — деп Санжар Боқаев өз-өзін ұстай алмай жылап жіберді.

(Кәсіпкердің жылаған сәті — 1 сағат, 13 мин, 50 секундта)

oinet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.