«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілімін»: Полицейді алдаған жігіт халықтан кешірім сұрады

0 14

Өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілімін деп таныстырған азамат халықтан кешірім сұрады.

 

«Мен Нұрбол Каримов, Талғар ауданының тұрғыны барша қазақстандықтардан өзге танымал тұлғалардың атын жамылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілімін дегенім үшін кешірім сұраймын. Өз кінәмды мойындаймын және болған жайтқа қатты өкінемін»,- деді ол.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі бұл азаматтың еш уақытта агенттікте істемегенін және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді.

«Әлеуметтік желілерде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалған қызметкерімен таралып жатқан видео фактісі бойынша келесіні хабарлаймыз. Аталған азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды. Осы жылдың 2 маусымында Шымкент қаласында бұл азаматтың кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды» – деді ведомствода.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жол патруль полиция қызметкерлеріне өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілімін деп таныстырған азаматтың видеосы жарияланған. Кейін құжаттың жалған екені анықталды.

 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.