СҚО-да ер адам көліктен құлап, қаза тапты

0 14
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті. Оны Айыртау ауданының орталық ауруханасына жеткізген, бірақ құтқару мүмкін болмады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Саумалкөл ауылы маңындағы айналма жол көпірінде болған. Қостанай тұрғындары Көкшетаудан Toyota RAV 4 автокөлігімен қайтып бара жатқан. Көлік жүріп келе жатқанда жүргізуші салонынан құлап кеткен. Оған дейін ер адам әйелінен рульге отыруды өтінген екен.

«Марқұмның туыстарының айтуынша, ол электрон темекісін жерге түсіріп алған. Оны алу үшін есікті ашқан ер адам көліктен құлап кеткен», — деп түсіндірді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев

Жәбірленуші дереу аудандық ауруханаға жеткізілді, бірақ көп ұзамай реанимация бөлімінде қайтыс болған. Полицейлер жалпы облыс бойынша автокөлікті пайдалану кезінде жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі белдікті тақпау екенін айтты және сақтық шарасын қолдану керегін ескертті.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.