СҚО-да 22 жастағы бойжеткен табылмай жатыр

0 53

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр

Волонтерлердің мәліметіне сәйкес, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. Ол 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері — Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Бойжеткен қайда кеткенін ешкімге айтпаған. Елизаветаның бойы 165-167 сантиметр шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады. Із-түзсіз кеткен күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген.

Жоғалған бойжеткен жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.