«Саяси әзілдерді қиып тастайтын болғандықтан болмайтын әзіл айтып жүрмін» — Қанат Әлжаппаров

0 231

Ал кей арзан әзілдері кей көрерменге мүлде өтпейді екен.

Қанат Әлжаппаров жарнама арқылы оңай ақша тауып кеткенін жасырмайды. Мұндай әрекетін пендешілік деп ақтады. Элиталық тойларды басқара алмаймын дейді өзі. Нұржан Төлендиевтің әзілдерін мойындайды. Саясат туралы әзілдердің халыққа жетпейтінін баяндады. 

Әзілкеш «TalkLike» бағдарламасына берген сұхбатында жан сырын ақтарды.

Қанат Әлжаппаров саясат туралы әзіл айтпайды. Себебі ол халыққа жетпейді дейді өзі. Ал кей арзан әзілдері кей көрерменге мүлде өтпейді екен.

Әзілкеш өзі туған аймақта өзін ерекше құрметтейтінін айтты. Кино түсіру барысында да, басқа уақытта да мұны халықтың ықыласынан аңғарамын дейді ол.

«Кино түсіруге көп шығын кеткен жоқ. Тегін берген кәсіпкерлер болды. Локациялар үшін ақша жұмсамадық. Біреу мейрамханасын, біреу қолында барын берді. Тегін берді. Кейде сыйлық алып жатамын. Ат мінгізеді. Соған қарағанда мені жақсы көреді. Халықтың көңілінен шығып жүрмін деп ойлаймын», — деді Әлжаппаров.

Дегенмен әзілкеш өз туған жерінен гөрі өзге аймаққа тойға көп шақырту алады. Ал солтүстік өңірдің тойын басқара алмайды.

«Мен орыс тілділердің тойын басқара алмаймын. Орысша білмегенім — кемшілік емес шығар», — деді актер.

Әзілкеш жарнама жасап өкінген сәттерін жасырмайды. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

«Мен бір кездері атышулы ломбардты жарнамалап, өкініп қалдым. Халық алданды, біз алдандық. Содан кейін ломбардты жарнамаламаймын. Кешірім сұраймын. Былай қарағанда, ол біздің сауатсыздығымыз. Соның кесірі халыққа тиді. Қанша әншілер жарнама жасады. Аз ғана ақша үшін абырой қалды», — деді Қанат. 

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.