Қытайда iPhone шығаратын зауыт өртенді

0 194
Қытайда Foxconn Technology Group-қа тиесілі iPhone шығаратын зауытта алапат өрт болды.Портал мәліметінше, куәгерлер ғимараттағы ондаған метрге көтерілген жалынды ғана емес, жарылыстарды да естіген. Зауыт Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Шэнчжэн қаласында орналасқан.

Foxconn өрттің тез жойылғанын хабарлады, қазір оның себебі анықталып жатыр. Компания өкілдері төтенше жағдай салдарынан адамдар мен өндіріс зардап шекпегенін айтты.

Shenzhen Guanlan Foxconn — Apple-дың бүкіл әлемдегі сатыпалушылар үшін iPhone-ның алғашқы модельдерінен бастап Phone 12-ге дейін шығаратын маңызды өндірістік базасы. Зауытта 100 мыңнан аса адам еңбек етеді.

Алдыңғы жылдары iPhone және IPad шығаратын зауыттарда ауадағы жанғыш шаңның салдарынан өрт болған. Ол кезде адамдар қайтыс болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.