Қостанай облысында бір жасар бала ескі құдыққа құлап, қаза болды

0 216

Қараусыз қалған бала ойнап жүріп құдыққа түсіп кеткен. Оны әкесі тауып алған. Бірақ баланы құтқару мүмкін болмады. Полиция баспасөз қызметі портал тілшілеріне оқиғаны растап, ақпарат берген.

«Бала толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмайды. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Қайғылы оқиға кезінде олар (ата-анасы) шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүрген», — деді полиция баспасөз қызметі өкіледі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.