Қазақстанда 36 градусқа дейін аптап ыстық болады

0 247

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады. «Қазгидромет» синоптиктері 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың айтуынша, Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

«Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С  жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін», — делінген хабарламада.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.