Қалыпты жұмыс күнін сақтамаған басшылар жазаланады

0 224
Қазақстанда қалыпты жұмыс күнін сақтамаған басшыларға айыппұл салу ұсынылды. Бұл норма бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мақұлданған түзетулерде бар.

Депутат Гүлнар Бижанова заң жобасы қазақстандықтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын және оларға қатысты кінәлі адамдарды жауапқа тарту тәртібін реттейтінін атап өтті.

«Тараптардың жалдамалы еңбек ететін қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ, қабылдаушы тарапқа қызметкерлеріне заңнамада көзделген жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған мерзімін заңсыз ұзартқаны үшін әкімшілік жауап белгілеу ұсынылады», — деді депутат палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар, ол заң бойынша прокурорда өз қаулысымен заңсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ мемлекеттік органдардың негізсіз актілерін тоқтата тұру құқығы бар екенін атап өтті. Алайда оларды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделмеген. Прокурордың қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.