Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі

0 111

Өзбекстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын үш рет қабылдағаннан кейін азаматтар толық вакцинацияланған болып саналады. Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Батыр Қурбановтың елдегі вакцинация жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Оның айтуынша, Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады. Ал, AstraZeneca вакцинасын екі қабылдау керек.

Азаматтар қай вакцинаны алуын өзі таңдай алады. Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі вакцина қолданылуда.

Соңғы дерек бойынша Өзбекстанда вакцина алғандардың жалпы саны 49 мыңға жеткен.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.